Әмәуи Халифатына Әділетті көзқарас (хж. 40 – 132ж) (660 – 750ж.)
Әмәуи Халифалығы басқа да Ислам мемлекеттері сынды беделі жоғары, мәртебесі биік, жер бетінің әр тарапындағы мұсылмандар үшін орны бөлек мемлекет. Бұл Ислам мемлекетіне жабылған жалалар мен ойдан құрастырылған өтірік әңгімелердің күл-талқанын шығару үшін, Әмәуилердің тұсында Исламды қабылдаған мұсылман санына көз салсаңыз жеткілікті. Солтүстік Арика ықылымы Ливиядан бастап Мароккоға дейін түгелдей Әмәуилер кезеңінде Исламға кірген еді. Бұл өлкелерге Исламды жеткізу хазірет Османның кезінде басталып, ол өлкелердегі халықтар Исламды қабылдағандықтарыменен, уақыт өте келе діннен безу кең етек...