Әуежайда (Қажылық циклды өлеңінiң жалғасы)
Дүрсілдейді жүрегім, лүпілдейді, Қуанады, жамандық күтілмейді. Сапарға шығарып сап әкем, анам «Мұныңа да, Құдайым, шүкір» дейді. Келіпті туғаным да, туысым да, Шақта бұл шайтан жанға жуысын ба? Ақылдарын айтуда әр тараптан Тісімнің кетпесін деп қуысында. Көп тұрмадым, тіркеуден өттім ары, Ұшақ күтер орынға шөктім әрі. Көк бешпентті кеудеге киіп алған Болашақ қажылармыз көп құрамы. Ағымыз бар, сарымыз, қарамыз бар, Атамыз, апамыз бар, баламыз бар. Пәни...