ЖҰМАДА ҚҰРАН ТЫҢДАДЫҢЫЗ БА?
ЖҰМАДА ҚҰРАН ТЫҢДАДЫҢЫЗ БА?

 

Жұма. Адамдар мешітке ағылып келіп жатыр. Кереметтей зарлы үнмен оқылған Құран Алланың үйіне келген әрбір жанның сай-сүйегін сырқыратып барады. Жұма күні оқылуы сүннет делінген «Кәһф» сүресі оқылып болған соң, уағыз айтылып, намаз оқылып бітті де, әркімге бұйыра бермейтін зарлы дауыс «Бәләд» сүресін оқи жөнелді. «Әй, шіркін-ай, Құран оқыса осылай оқсын» деп әрбір мұсылман баласы бас шайқап, көздері суланып отыр... «Алайда ол қиын белестен асу үшін қажыр‑қайрат жұмсамайды. Қиын белестің не екенін білесің бе? Қиын белес – бір құлды (немесе тұтқынды) азат етіп, бостандыққа қауыштыру. Яки қиын‑қыстау шақтарда ас‑ауқат беріп тойдыру: Туыстығы бар жетімді немесе топырақты төсеніш етіп (аспанды жамылғы етіп) үйсіз, күйсіз қамкөңіл пақыр міскінді (тойдыру)…» деген аяттарын оқыды да, бата жасап бет сипады. Жұма намазына келген ата-көке, аға-іні, әже-апа, әпке-қарындас, үлкен-кіші барша мұсылман қауымы шығыс халқына тән мұңды, әрі зарлы, сай-сүйекті сырқыратқан арабша әуеннен әсерленіп жүздерін жас жуып, тілек тілеп беттерін сипап үйлеріне қайта бастады. Ал, мешітің дәл қасындағы көшеде тұратын қарны аш балалар мен жетім-жесірлер сол таңды қалай аш күйлерінде атырса, жұмадан кейін де аш күйлерінде жаутаңдап отыра берді… «Елімізде Құран оқылып жатыр, мұсылманшылығымыз неткен мықты, әсіресе, хафыздың үні неткен әсем, Алла Тағала Жұмадан Жұмаға жеткізе берсін» деп әрқайсысы көңілдері жаққан асханаларына қарай бет алды… Құран тыңдадыңыз ба, «құр ән» тыңдадыңыз ба? Жұмамыз қабыл болсын!!!

жұма, Құран, садақа, ислам кз, Ермек Есқожа, Тіленші
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
7 жыл бұрын 5052
2 пікір
  • Өте орынды мәселені көтеріп отырсың. Жамағаттың да кінәсі бар шығар, бірақ, тіленшілерді де сүттен ақ, судан таза дей аламын ба. Жоқ, категорически. Неге? Олар ұдайы мешіт жанынан (түсінем басқа баратын жағы да жоқ) шықпайды, қашан көрсең де, алақан жайып отырғаны, Бұ,ан жамағаттың көзі үйреніп, еттері өліп кеткен, Жалость тудырмайды, Мемлекет тарапынан қайыршылықпен күреске арналған кешенді әрі әлеуметтік бағдарлама қабылдау қажет. Оңалту және бейімдеу орталықтарының жұмысына ревизия қажет. Балық берме, балық аулауды үйрет демей ме, мешітке жағдайы бар жұмыс берушілер де келеді, құрығанда соларды ұйымдастырып, бір шара қолға алу керек

    Ермек Есқожа
    Ермек Есқожа Дұрыс айтасыз, бірақ, бұл жерде Құран оқу мен құр ән оқудың айырмашылығы жайлы айтқым келді. Жетім-жесірге көмектесу тек бір мысалы ғана ........

    Алмат Бөрібек
    формализм жамағат арасында да жаппай сипат алып барады, көпке топырақ шашқаным емес, "кқөп айтса, көнді"-нің кері келіп тұр, яғни, көпшлік арасында байқай алмай қалатын да шығар, бірақ біреуі байқамай қалар, екеуі байқамай қалар, тіпті, үшеуі байқамай қалар, бірақ бәрі неге мұндай енжар күйге түсті? Осыған ой жіберген екенсің,
    7 жыл бұрын
  • стагнация дегредацияның көрінісі болуы да мүмкін екен ғой
    7 жыл бұрын
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209