Қу дүние түсіріпті торына (Қажылық өлеңінiң жалғасы)
Ихрамдыға толған Мекке қаласы, Жер танытпас қалың көптің арасы. Қарап жүріп күйісімнен жаңылдым. Болған шақта сәске онның шамасы. Қонақ үйден келген көше бойында, Шаштараз бар шаш алдыру ойымда. Осыдан соң тамам болып умрам Хаж уақытын күту қалады мойында. Деп түйдім де келген ойды саралап. Тартып кеттім көп кісіні аралап. Бырши терлеп аяқ басып келемін, Бір даңғылдың оң қапталын жағалап. Мына бейнет бұзар ма екен құлқымды?! Таппай келем қазақ-қырғыз жұртымды, Африкандық...