Құтыласың ба, құтқарасың ба?
Ислам діні ғибадат діні емес, убудиет діні. Ғибадат - белгілі бір рәсімдерді белгілі бір уақытта дене арқылы атқару. Убудиет - жан-жүйесін, сана-сезімін, ақыл-ойын, таным-түсінігінің Құдай жолына сай болуын қадағалау һәм соған сай күніне 24сағатын, айына 30күнін, жылына 365күнін, өмірін өрнектеу. Ғибадат дін деп танылған күллі сенім атаулыда бар. Ал убудиет тек Исламда ғана. Адамның санасына сілкініс беретін нәрсе құрғақ ғибадаттар емес, терең убудиет. Мұсылман үмметінің басына келген қасіреттің басты себебі убудиет дінін ғибадат дініне айналдырудан деп білем. Мұса əкелген Ислам яһудилікке,...