Адамзат тарихында адасулар екі жолмен жүзеге асырылып отырған, бірі - мақтаумен, екіншісі - даттаумен. (Шəкəрімнің "Мақтау мен сөгіс" атты өлеңін оқуға кеңес берем) Шайтанның міндеті - жолдан тайдыру. Егер ол улы нанды аузыңызға салғысы келсе даттаумен емес, майдалап мақтай отырып салады. Себебі, мақталған сайын бейшара пенденің аузы да, арты да ашылып кетеді. Ал даттаған сайын, кемшілігіңізді айтып таптаған сайын тістене бересіз. Сондықтан, даттауға қарағанда мақтаумен зəһар шашу анағұрлым əсерлі. Ендеше, жақыныңызды, ұстазыңызды мақтауға талпынсаңыз да, атағынан ат үркетін танысыңызбен, жұлдызға айналып үлгерген досыңызбен яки жеткен жетістіктеріңізбен, шыңға шыққан, сыйлық ұтқан сəттеріңізбен мақтануға ниеттенсеңіз де "Фатиха" сүресінің 1-аятын есіңізден шығармаңыз. "Əл Хамду лиллəһи Раббил əламиин!"
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Ученые обнаружили еще одну пользу намаза для здоро..."21 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "ИНФОГРАФИКА: Намаз, стирающий сразу 10 видов грехо..."3 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Как умирает посещающий гадалку?..."6 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Ә.Қалибек: Лауазымды орын берсе, Қазақстан медицин..."7 күн бұрын2022, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.