өлең
өлең

Қуаласар ай мен күн қияметке дейін,
Ұға алмай кетем сырын сірә көпке дейін.
Антонимнен құралған ғажап өмір-ай,
Кімге артып назымды, жылап-өкпелейін?!

Әркім шыққан биігін тау деп алданар,
Ұшпақ болып зау көкке ерте қамданар.
Аспан тұрмақ шыңылтыр шыңға шыға алмай,
Құздан құлай құлдилап әрең жан қалар.

Үнсіз ғана тынасың жеңіп жеке мұң,
Байқай алмай бағыңның келіп кетерін.
Сенімімді жеті қат жерге көмем де,
Антонимді өмірге еніп кетемін...

Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
6 лет назад 5981
2 комментария
  • Өмірдің мәнін үлкен ғұламалар да таба алмай кеткен. Керемет өлең екен.
    6 лет назад
  • Рахмет! "Өмір - адамның көңіл күйі" деген пікірге келдім. Адам қандай көңіл күйде болса, өмір ол үшін сондай болады екен. Өмірдің мәнін ұғу қай терезеден көз салғандығына байланысты болса керек!
    6 лет назад
О блоге
0
29830 200 345 261 209
Прямой эфир