Қуаласар ай мен күн қияметке дейін,
Ұға алмай кетем сырын сірә көпке дейін.
Антонимнен құралған ғажап өмір-ай,
Кімге артып назымды, жылап-өкпелейін?!
Әркім шыққан биігін тау деп алданар,
Ұшпақ болып зау көкке ерте қамданар.
Аспан тұрмақ шыңылтыр шыңға шыға алмай,
Құздан құлай құлдилап әрең жан қалар.
Үнсіз ғана тынасың жеңіп жеке мұң,
Байқай алмай бағыңның келіп кетерін.
Сенімімді жеті қат жерге көмем де,
Антонимді өмірге еніп кетемін...