Дилетант
Дилетант

Үйде:

-Әке, "Ерге де, әйелге де оқу оқып, белгілі бір маман иесі болып, елге қызмет жасау керек" деп жазылған екен мына бір кітапта, сіз бірақ өткенде басқаша айтып едіңіз ғой...
- Ой-бай, не дейді мына қыз! Қой, ондайды айтпа! Оқыма ондай надандардың жазғандарын! Қайдан жүр мұндай кітап біздің үйде?! Қыз балаға оқудың да, жұмыс жасаудың да қажеті жоқ. Тек қана бала бағып, үйде отыруы керек. Оқысаң тек қана дін саласында ғана оқисың, болмаса жоқ. Мен келгенше, мына бір дұғаны жаттап қой, тапсырасың, ал мен анаңды емханаға апарып келейін...

Емханада:

- Қызым, әйелімді емдетуге әкеліп едім, бірақ, еркек доғыдырға қаратпаймын, мүмкін болса, әйел дәрігер көрсінші...

PS:  "Юнус" сүресі,  100-аят

Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
6 лет назад 8192
10 комментариев
  • қай жазбаңда болсын юмор жүреді. кейде сраказм кездеседі. тұздықтатып жаза бер, жазарың таусылмасын, ермек аға
    6 лет назад
  • тақырыбы тауып қойылды деп айта алмас едім, ренжімеңіз
    6 лет назад
    • Саттар аға, рахмет! Қандай тақырып қоюға болады? Кеңес берсеңіз қатты қуанар едім, сіздің кеңесіңіз қазынадан қымбат мен үшін!
      6 лет назад
  • Көп ойландым. Таңды көзбен атырдым. Тақырып табу үшін. Он ойланып, жүз толғанып мынадай тоқтамға келдім: "Дилетант" деп қойсақ немесе "Бақай амал" деп қойсақ тақырыбын. көңіліңізге алмайсыз ба, уа, Ұстаз
    6 лет назад
    • Ойыңыздың ұшқырлығы, қиядағыны қапысыз қағып түсіретін қырағылығыңызды осы жерде тағы бір дәлелдедіңіз, уа, қалам арқалағандардың пірі! "Дилетант" деген ұсынысыңыз өте тауып айтылған екен. Атын солай деп қоялық!
      6 лет назад
  • менің кішкентай бетховенім десем, ренжімейсіз бе
    6 лет назад
    • Егер мен сізді Готлоб Нефе (Бетховеннің ұстазы) деп атауға рұқсат етсеңіз, әрі көңіліңізге алмасаңыз, ренжімеймін)))
      6 лет назад
  • мен сізге ренжімеймін. Ешуақытта. Өз-өзіме серт бердім. Үлкен жолдың үстінде тұрып. Уа, ардақты Ұстаз
    6 лет назад
    • Уа, қалам арқалағандардың аяулысы! Менің қадірлі Готлоб Нефем, ренжу бізден аулақ болсын!
      6 лет назад
  • ОК. Үлкен жолдың үстінде кездескенше
    6 лет назад
О блоге
0
29830 200 345 261 209
Прямой эфир