Сабыр қыл досым-ау, аптықпа бауырым, Уайымдап, зарлауға тұрмайды дүниеЗымырай жоғалсын, көрсетпей сауырынЖабырқап-жылауға тұрмайды дүние. Қайда әлгі, қан төгіп ылаңды салғандар?Қайда әлгі Қарундар мал жиып жалмаңдар?Әкетті өзімен қай малын сол жандар?Бір жамау алуға тұрмайды дүние! Түбі бір тұтқасын табамын деймісің? Әлде, бір нан сынды әп-сәтте жеймісің? Хақ Алла құтқарсын – ішінде кей кісіңСалтанат құруға тұрмайды дүние! «Кел, кетпе!» десем де, тоқтарың белгісіз,Ақылға-нақылға, көнбейсіз енді сіз.Қайтейін, өзгердің, мүлде адам сенгісіз.Алданып, азуға тұрмайды-ау дүние! Адамды аң көріп,...