XX- ғасырдың жігіттері
XX- ғасырдың жігіттері

Былтыр ма әлде, жоқ бүгін... кеше ме еді?
Мазасыз ой мұратын еселеді. 
Көзім бұлдыр тартты ма, шын кейпі ме? 
Ұсқынсыздау өмірдің көшелері.

 
Қалың қурай қаптаған, аршымаған, 
Қансыраған адам көп, нан сұраған. 
Нан беріңдер, сұраса қан беріңдер,
Қайран адам қайтсе де қалсын аман.
 
Тоқтамасын пенденің тіршілігі, 
Бірақ әттең, көп кеуде құр шіріді. 
Тіршіліктің томпағын тосырқаған 
Мен де сондай қоғамның "қырсық ұлы". 
 
"Қарсы алмады тіршілік күліп мені, 
Сілікпені шығарды сүліктері..."
деп мойымай тік тартқан қайран біздің 
Жиырмасыншы ғасырдың жігіттері. 
 
Өмір әлі ақ жақсыны жұп қылады, 
Деген үміт көп нәрсе жүк қылады.
Қажытты ма кім білсін жазықты ма? 
Көп еркектің көзінен шық құлады. 
 
Кетпеген соң елден жат Мұса құсап, 
Күйкілерге қоғамның құшағы шақ. 
Атан арман қиялдап  көрмеген соң
Ойымыз да соған сай ұсақ ұсақ. 
 
Ластап алып лас іспен тұп-тұнықты, 
Сыймадым деп қоғамға тік тұрыпты. 
«Абай» болам деп жүрген кейбіреулер 
Абайламай көрсетті мықтылықты. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 лет назад 3422
1 комментарий
  • Өздерін Абай санайтындар көп қазір. Былықтарын Алаш ұлдарымен жапқысы келеді. "Кеше Алиханды да халық жауы деп еді, енді міне мені де"- дейтіндер.
    Алаштан садаға!
    9 лет назад
О блоге
0
29830 200 345 261 209
Прямой эфир