Қажылық (циклды өлең)
Қажылық (циклды өлең)

 

Құшағы кең анадай мына ғалам,

Не берсе де қайырым сұрамаған. 

Алтын сарай астында күн кешсе де 
Басқа нәрсе іздейді бірақ адам. 
 
Рух іздейді азығын аласұрып,
 Шипасын тап, құлақ сал, жарасын ұқ.
 «Иман» атты ішігін қалыңдай түс 
Қалтыратып тастапты қара суық. 
 
Пенде болса рухының назын ұққан, 
Еске салса амалын аз ұмытқан. 
Руханият көгінің құт мекені 
Іздегенін табар еді Қажылықтан.
 
 Тезге салып нәпсіні тулап қалған 
Көппен көріп әр істі, шулап барған. 
Жаулығыңды жұмарлап жасқа шылап, 
Жүрегіңе нәр тамыз қурап қалған.
 
 Келеді кемелдікке талаптанғың, 
Мәніне жетсе қалай тағаттар кім?! 
Армандайтын көне көз қариялар 
Қонағы боп қайтуды Жаратқанның. 
 
Жәннат сұрап сұрамай басқа сұрақ,
 Кеудені аршы, жүректі аш қасыңа ап.
Дариға-ай, барар ма едік Қағба таман 
Қос жанарды жаңбырдай жасқа шылап.
 
 Ақ Меккеге көңілді ғашық қылып, 
Дұға етіп жүргенде тасып тұрып, 
Жауап берді Жаратқан дұғамызға
 Бұл сапарды бізге де нәсіп қылып...
(Жалғасы бар)
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 лет назад 6641
2 комментария
О блоге
0
29830 200 345 261 209