Мақсатым ұзақ, алдымда теңіз,
Кетпей ме ұзап, талпынбай жүрсеңiз.
Мәжбүрмiн оған - теңізбен өтем
Дайын ба, кәне бүтін кемеңiз?!
Әркімге қызық толқынның үні,
Жан бiткен суда, қолында жүгі.
Арманың алыс, адыра қалар
Кемеңнің мiнген тесілсе түбі.
Дүние - теңіз, жүрек - бір кеме,
Болмаса сабақ айтайын неге?!
Астарын ұғын, ақылға жүгін
Жоқ - барды шатып, нені айттың деме.
Абайдың қара сөздерін 1 оқып түсінбей, қайта оқып түсінгенімді еске түсірдіңіз!