Арафатта
Арафатта

Өмірдің өзек тұсы – сынақ майдан,
Іші – лаң, сырты – сұлу сылап қойған.
Деп түйген көсемдердің сөзіне ерсек,
Бұл өмір болсын бізге тұрақ қайдан. 

Анаңнан әлсіз туып, әлдиленіп, 
Әл жиып бітпей жатып барды игеріп, 
Өмірдей долы өзеннен өткел таппай 
Ар жаққа аттанасың қалғи беріп.
 
 Мақшарда мазаң қашса атақ қалып, 
Шапағат жетсе сонда шапақтанып. 
Жарқылдап Жәннат жаққа жақындарсың 
Рахманның рахымымен рахаттанып. 
 
Қозғасаң қыран ойың қалықтамақ, 
Дүрсілдеп кеудені ол да жарып барат.
 Кімнің Жәннат тұрғыны болатынын 
Ықылас қана бүгін анықтамақ. 
 
Адам «адам» ақылмен, жүрегімен, 
Жүрек – тірек жан болса біле білген.
 Арафатта дәл сондай Қажылықтың 
Ең маңызды, міндетті тірегінен.
 
 Тілекті тізіп ойға теңіз қылып, 
Бәрінде Жәннат боп тұр негізгі үміт.
 Минада таңды оқып боп жолға түстік,
Үмітті әрекетке негіз қылып. 
 
Арафат дала екен алаң-ашық, 
Ішінде «Рахма» да тұр араласып. 
Миллион мұсылманға бұйырғандай, 
Бізге де пана болды қара лашық.
 
 Қара лашық, бұл жай бір қара лашық, 
Деп тұрмайын жай ғана қара басып.
 Өсиетін ең соңғы осында айтқан 
Хақ Пайғамбар (с.ғ.с.) халқымен арыздасып.
 
Пенделікке пәк ойды перде қылып, 
Осы маңда ақ та төк терге бығып. 
«Сен дініңді жеткіздің, куәміз!» деп
Тұрғандармен тұрар ма ем мен де егіліп. 
 
Тілекті тізіп тілмен таңдай қажап,
Қара лашық астында қасиетті 
Аллаға жалбарынған қандай ғажап?!
 
Мәні мол қарашы бұл шарапатқа, 
Адамдар адал болса Арафатта. 
Құтқарып қалады екен соларды
Алла Жем қылмай тозақтайын алапатқа. 
 
Ас ішіп, жібіген соң таңдай бекем, 
Таза ой, таза тәннен танбай бөтен. 
Күбірлеп күрсінумен дұға еттік, 
Кәрі шал, құйттай бала, жардай көкем. 
 
«Арманын Аллаһқа айтып арнайды екен, 
Жауапсыз дұға бүгін қалмайды екен»
Дегендей жеңілдіктер жігерлесе, 
Аяқ та, ақ білек те талмайды екен. 
 
Қауқары аз, қажеті мол қайран адам, 
Мұндайда бар қуатын салмай ма екен.
«Сұрай бер, жауап берем» десе Алла
Тірі жан дұғаңнан тыс қалмайды екен. 
 
Бұлқынған бұғаудағы бейшара арман, 
Босатсаң бей-берекет самғайды екен. 
Тілекті айтып тауысуға мүмкіндік мол,
Сардарға (с.ғ.с.) үммет болған қандайды екен?! 
 
Сол үшін қосып оқып қос намазды, 
Дұғаны кеш батқанша жалғайды екен.
 Жәннәттан үміт еткен әрбір адам 
Былай деп дұға қылып зарлайды екен.
 
«Алла – Жалғыз, жоқ Онда серік мүлде 
Барлық мүлік Оныкі, көрік күн де.
 Күллі мақтау оған тән, себебі Ол, 
Барлық Күштің Егесі, Еріктің де» 
 
Сипаумен сауып бетті сүйрік қолға ап, 
Жүрекке тылсымнан бір тыным орнап, 
Кім ұтты, кім ұтылды, кім құтылды? 
Атқанда мақшар таңы мәлім болмақ.
 
Құран мен Сүннет бізге қылады үкім, 
Қажының Муздалифа тұрағы түн. 
Күн батты, қаусап қалды қара лашық, 
Осылай тамам болды «дұғалы күн».
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 лет назад 3865
0 комментариев
О блоге
0
29830 200 345 261 209