Әндәлус
Әндәлус

 

Әндәлус

Ежелгі Әндәлус мекені, немесе сол кезде Әбирия деп аталған жазира қазіргі Испания және Португалия мемлекеттері орын тепкен жер еді. Екі мемлекетті қосқандағы жер көлемі шамамен 600 000 шаршы шақырым қашықтықты құрайды. Бұл Қазақстан аумағының төртте бірі деген сөз.

Әндәлус жарты аралы мен Мағриб жерінің арасын Тариқ деп аталатын тау шатқалы бөліп тұр. Бұл тау мұсылмандардың Әндәлус жеріне кіріп, ол жерде үкім жүргізе бастаған сәттен осылай атала бастаған. Тарихшылар өз еңбектерінде бұл шатқалды «Дарбу Зуқақ» деп атаған.[1] Бұл шатқалдың ені, яғни, кеңдігі 12,8 шаршы шақырымға дейін жетеді. Бұл Сәбта қаласы мен Тариқ тауының арасын алып жатқан әжептәуір жер.

 

Географиялық жағдайы

Әбирия жарты аралы Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан. Егер шығысына қарай бет алсаңыз жер көлемінің кеңейе түскенін байқайсыз. Бұл дегеніміз Әбирия жарты аралының үшбұрыш тәрізді екенін білдіреді. Әндәлус солтүстігінде Франциямен шектеседі. (Фаранжа елді-мекені) Араларында ұзыннан ұзақ созылып жатқан таулы аймақтың ішінде Бируни деген атаумен танылған үлкен тау бар. Бұл аймақты қоспағанда солтүстік жағын түгелдей су қоршап жатыр. Атап айтар болсақ, шығыс жағынан және оңтүстік шығысынан Орта теңіз жақын жатса, Атлант мұхиты оңтүстік батысы мен солтүстік батысын ала орналасқан. Осындай табиғаты бар бұл өлкедегі Бируни тауы бұл аймақ пен Еуропаның арасында алтын көпір іспетті жалғыз құрлық деуге болады. Бұл тау шығысында Атлант мұхитымен шектессе батысында  Орта теңізбен жалғасып жатыр. Бируни тауынының Мағрибке қарай созылып жатқанына қарап Европадан тым алыс жатыр екен деп қаласыз. Мұсылман географтары Бируни тауын Африкаға қарай созылып жатыр деп есептеген. Олай болса бұл жердің Европа материгіне еш қатысы жоқ дейді. Дегенмен, бұл аймақтардың табиғаты мен хайуанаттары Мағрибтың табиғатына едәуір сәйкес келетіндігі мәлім. Әсіресе Сәбта және Танжа аймақтарының жер бедері мен табиғаты өте жақын.[2]

Бұл аралдың ішінде Мәситә деп аталатын биіктеу бір белес бар. Бируни тауы бұны горизонталь бағытта бөліп жатыр. Сол себепті Мәситәнің айналасында ағып жатқан бірнеше өзендерге қарап, бейне бір судың үстіне салынған жылжымалы үй немесе патша сарайы ма деп қаласыз.

 

 Не үшін «Әндәлус» деп аталған?

Бұл Жазираның Әндәлус деп аталуының себебін тарихшылар Сканданафияның солтүстігінен, атап айтқанда Суайд, Динмарк, Норвегия аймақтарынан келген  кейбір қауымдармен байланыстырады. Бұларды ешбір мәдениеті болмаған, көшпенділіктен гөрі жабайылыққа жақын қауым болған деседі. Бұлар Әндәлус елді-мекенін шабуыл жасау арқылы басып алғаннан соң, көшпенділікті тастап ұзақ уақыт сол жерде мекендеп қалады. Кейбір тарихи деректерде бұлардың Германия жақтан келгені айтылады. Бұлар «Фанзал» немесе «Уәндәл» деп аталған дейді деректерде. Сол себепті өздері орныққан мекенді «Фәнәдәлисия» деп Түркия, Арабия дегендей өз ұлттарының атыменен атаған екен. Жылдар жылжып, айлар ауысып ақырында бұл атау өзгере-өзгере Әндәлус деген атауменен қалған дейді.

Бұл қауымдар тарих парақтарында Варварлар деген атпен жазылған. Яғни, ешқандай мәдениетті білмейтін, жабайылықты дәстүр ретінде ұстанған қауым. Бұлар Әндәлус жерінен мезгілі жеткен кезде қуылып, орындарына тарихта «Қут» деп танымал болған хрестияндық бір қауым келеді. Бұларды батыстық Қуттар деп те атайды. Бұлар Әндәлус жеріне мұсылмандар келгенге дейін иелік етіп отырды.

(жалғасы бар)



[1] Рағиб әс-Сиржәни «Қиссатул Әндәлус минәл фәтхи иләәс суқут»  13- бет

[2] Мухаммед Суһаил Тақуш «Тарихи Муслимина фи Әндәлиус» 16-бет

Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
8 лет назад 3274
0 комментариев
О блоге
0
29830 200 345 261 209