Қайдасың, бабам Абылай...
Толқынды ойдан толғанам қатты мына мен, Қолымнан келсе қуатты қоғам құрар ем. Жұртына қарап, тiрлiгiн талақ етер ем Ислам болып ашпаса құшақ бұл әлем. Айналайын Алланың аппақ ақ діні, Өзіңде еді жалғанның жұмбақ шаттығы. Өзіңде еді парасат, пайым, пәк пиғыл, Өзіңде еді нәбидің нұрлы ақ туы. Саяси ойын сайтандай сайқал, сымбатты ақ Ашығын айтам, қайтемін оны жұмбақтап. Жұртыммен жұмбақ жарысын жасап жүргенде, Сеземін сырттан келеді жылпос жын қаптап. Кейбіреу келіп "дін деген шапан, дамбал" дер, Біреулер болса...