Осылай дұға жасай аласыз ба?
Сүп-сүйкімді кішкентай бала теңіз толқындарынан көз алмай қатты да қалды. Бір нүктеге қадалып, жанарын жыраққа жіберіп отырғанына бір сағаттан астам уақыт болды. Бір орында тапжылмай отырған кішкентай ұлдың отырысы қарт балықшының назарын аударды. Ол баланың қасына байыппен жақындады да: – Қалың қалай балақай, бүгін теңіз сондай тамаша болып тұр, байқаған шығарсың, - деді. Бала мойын бұрмастан: – Бірақ, сондай асау, аласұрып жатыр. Добым түсіп кетіп еді, көз жетпейтін жыраққа алып кетті -деп жыламсырады. Қарт қасына таман таяп келді де: ...