Мәзһабтар не дейді?
Мәзһабтар не дейді?

Намаз туралы таным

 

Намаздың тілдік мағынасы «жақсылықты сұрап тілек тілеу, дұға жасау» дегенді білдіретін «саләәһ» сөзінен шыққан. Алла Тағала Құранда «Уә салли алайһим», яғни, «оларға мейіріміңді төгіп, бата бер, дұға жаса» дегенде осы «саләәһ» сөзі қолданылған. Ал, фақиһшылардың терминдеріндегі намаз сөзінің мағынасына келер болсақ, белгілі шарттарға сай «Аллаһу Әкбәр» делінетін тәкбірмен басталып, «Әссәләму әләйкум уә рахматуллаһ» делінген сәлеммен аяқталатын сөздер мен іс-әрекеттер. Намазға берліген осы мағына ихрам (намазды бастағанда айтылатын ең алғашқы тәкбір) тәкбірімен басталып, сәлеммен аяқталған барлық намаздарды қамтиды. Демек, тиләуәт сәждесі бұл танымның тысында қалады. Тиләуәт сәждесі дегеніміз – Құран аяттарының ішіндегі сәжде жасау бұйрығы айтылған аяттарды естіген, немесе оқыған кісінің намаздағыдай ең алғашқы тәкбірді алмастан, және намаздағы сияқты екі жаққа сәлем берместен бір мәрте жасайтын сәждесінің шариғаттағы атауы. Бұл сәжде жайында Алла қаласа, өз кезегінде  кеңірек тоқталуға тырысамыз. Ханафи мәзһабы мен Шәфиғилерде бұл сәждеге «саләәһ» яғни, намаз атауы берілмейді.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-­­­­­­­­­­­­­­­­------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ал, Мәликилер мен Ханбалилер бұл сәждені «саләә», яғни, намаз деп түсіндіреді. Себебі, бұл сәжде «жақындататын бір іс-әрекет» дейді. Оның да өзіндік ихрам тәкбірі бар және сәлемі бар, немесе тек сәждеден тұратын құлшылықтың түрі деседі. Бұл жердегі «жақындататын» деген сөз құлды Құдайға жақындататын нәрселер дегенді білдереді. Яғни, рүкүғ, сәжде сынды дене мүшелері арқылы жасалатын іс-әрекеттер, қырағат, тәсбих сынды тілмен жасалатын амалдар, хушуғ, худуғ сынды жүректің ояулығын білдіретін ішкі сезімдер сынды Құдайға жақындатын іс-амалдардың жиынтығы. Тиләуәт сәждесінің ішкі мазмұнына бұлай мағына беруге Ханафилер де, Шәфиғилер де қарсы емес. Тек Ханафилер мен Шәфиғилер тиләуәт сәждесіне шариғаттағы кәдімгі намаздың атауы беріліп-берілмеуіне байланысты қайшы көзқарас білдірген. Ендеше Құдайға құлшылық қылуда бұл сәжденің заты бір екендігіне төрт мәзһаб бір ауызды келіскеннен кейін, атына байланысты әртүрлі көзқараста болу соншалықты үлкен нәрсе емес. 

намаз, тиләуәт сәждесі, Ермек Есқожа, Мәзһабтар не дейді, Ханафи мәзһабы
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
8 жыл бұрын 4678
1 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209