Iздер
Iздер

"...Бiз олардың iс-әрекеттері мен арттарына қалдырған іздерін жазып қоямыз..." (Иәсин сүресі, 12 аят)

Іздер, іздер, менің әрбір іздерім, 

Көктемдегім, қыспенен жаз, күздегім. 

Том-том болып жазылуда-ау, қайтейін 

Көшедегім, ауладағым, түздегім. 
 
Көндіге алмай көң дүниенің шартына 
Кейде үндемей, кейде салып талқыға.
Қалтаң-құлтаң жүріп келем әйтеуір 
Ирек-ирек із қалдырып артыма. 
 
Қисық бассам қабатталып мұңға мұң, 
Қозғала алмай жүрексініп тұрғаным. 
Қайта-қайта өкінішпен қараймын
Қисық іздің шеше алмай жұмбағын.
 
Кейде алау, кейде суық мұз демім, 
Жүріп келем, қалып жатыр іздерім.
Өткен күннің күнделігі іспеттес 
Қайран менің алабажақ іздерім. 
 ***             ***             ***
Біреу жайлы білгің келсе асықпа 
Арғы өмірде көрерсің сол іздерін.
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
8 жыл бұрын 4147
4 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209