Үш өсиет
Үш өсиет

Бір күні бір қария ермек қылып, 

Кішкентай бір торғайды құрықтады.
 Ол байғұс қос қанатын сермеп тұрып, 
Жалынды «жіберші» деп құрып халі.
 
 «Жіберші мұң түсірмей көңіліме, 
Айтамын үш өсиет айдан анық. 
Үшеуін ту ғып ұстап өміріңе, 
Жемісін, рахатын көр пайдаланып».
 
 Дегенін қызық көріп кәрі адам, 
Ойланып, көңіл бөліп, құлақ қойды. 
«Деп жүрсем хайуандардың бәрі надан 
қандай?» -деп «өсиетің» Сұрақ қойды. 
 
Сөз бастап айтты торғай: «Ең бірінші, 
Ұрынып қалмау үшін бір кеселге. 
Өмірде мынау жалған ең дұрысы, 
Көздерің жетпегенге мүлде сенбе.
 
 Айтамын екіншісін ойланып бақ, 
Ойлансаң бағытыңды туралайсың. 
Жалғанда жеткізбейтін жауыр іс көп, 
Жете алмайтын нәрсені қумағайсың.
 
Тыңда да үшіншісін мені босат, 
Ай жылжып, сағат сырғып, өтуде күн.
 «Әттең» деп санын соққан жаманға ұқсап, 
Өкпелеп, Өткен іске өкінбегін. 
 
Қарт тұрып: «Мұны өзім де білем ғой»деп, 
Есіркеп, есті құсқа ерік берді. 
«Сай ма екен амалыңа білерің» деп 
Торғай да бір бұтаға келіп қонды. 
 
«Рахмет босатқанмен аңғармадың, 
Туды қайта сайрап ән салатын күн. 
Ұят емес пе торғайдан алданғаның, 
Алтын бар ғой астында қанатымның». 
 
Елестеп көзіне алтын жалт-жұлт етіп, 
Шалдыққан шал байғұсты ыза буды. 
Қарамай шамасына қалт-құлт етіп, 
Торғайды ұстамақ боп тұра қуды.
 
 «Қуалап қайта қолға түсірмекпін»,
 Десе де кәрі адам ғой, әлі бітті. 
«Үш өсиет айтып ем түсінбепсің», 
Деп қартқа құс ағынан жарылыпты. 
 
«Көздерің жетпегенге сенбе» деп ем,
 Алтынды көрмей неге сеніп тұрсың, 
«Жете алмайтын нәрсені қума» дегем, 
Жетпек боп неге артымнан келіп тұрсың? 
 
Білсең де осыларға амал етпей, 
Жақсы ма қадіріңді кетіргенің?
Қайтейін қалды маған шамаң жетпей, 
Өтті ғой, «өткен іске өкінбегін».
 
 Осылай кетті торғай самғап ұшып, 
«Бұны айтпас саған ешкім күнде күнде. 
Өкініп екі өмірде қалмау үшін,
 Білген аз, енді амал қыл білгеніңе». 
 
Қараңыз, торғай үлгі бергендей көп, 
Ал біздер біле тұра жай жатпаймыз. 
Көзбенен көрмегенді көргендей боп, 
Әркімді әртүрлі айтып ғайбаттаймыз. 
 
Қанағатқа қас болған қу дүниенің, 
Білген соң дәмін татып, ептеп көріп. 
Табанды тура жолдан тайдырарын,
 Білсек те қуалаймыз жетпек болып.
 
 Жамандықтан қайтарар қайрат,жігер,
 Жүрекке дәрумен боп кезіге ме?! 
Білгенге амал еткін деген сөздер, 
Сіздерге, мұны жазған өзіме де.
 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
10 лет назад 7158
4 комментария
О блоге
0
29830 200 345 261 209