Өмір өткелдері
Өмір өткелдері

Жігіттер Құран басшы ойлы құлға, 

Аяттар жетелейді ой қылуға
Ой жайлы, өмір жайлы өсиет бар, 
Ойланып сендер де қос ойды мұнда
 
Бұл өмір жалған екен баппен қара, 
«Жалған» деп ақиқатқа жаппа жала. 
Жұп-жұп қып жаратыпты Жаббар Құдай, 
Ұл мен қыз, үлкен-кіші ақ пен қара. 
 
Жаратып жақсылықты, жамандықты, 
Қас қылып қиянатқа адалдықты. 
Бұлардан таңдарсың деп ерік беріп, 
Біздерге ақыл сыйлап адам ғыпты.
 
 Таңдасаң жамандықты жеңлесің, 
Жаман ой, жаман ас жеп семіресің. 
"Жамандық жаса" десе жетіп барып, 
"Жақсылық жаса" десе ерінесің. 
 
Жасасаң жамандықпен ірі бітім, 
Болмайды ақыл-ойға, арға күтім. 
Жамандық көзіңді  арбап «кел-кел» дейді, 
Байқасаң сырты бүтін, іші түтін. 
 
Қаласаң жақсылықты сабыласың, 
Бос жатпай өнер іздеп сарыласың. 
Жамандар жамандығын қылған кезде, 
Сабырдан  тігіп шапан жамыласың.
 
 Жақсы іс жақсы ойдан туындайды,
 Ешбір жан жаман болып туылмайды. 
Жан барда жақсылыққа ұмтылып қал, 
Жас келер, уақыт озып зуылдайды. 
 
Он жаста ойнақтаған лақтайсың, 
Жиырмаңда жұлқып тартар құр аттайсың. 
Отызда отбасың бар, әйелің бар, 
Ананы-мынаны көп ұнатпайсың. 
 
Қырықта қыруар жұмыс бітірерсің, 
Елуде кемелденер ақыл-есің. 
Алпыста ақыл айтып ағайынға 
Қарайсың денсаулыққа күтінесің. 
 
Жетпісте жағың сөзден тосылады, 
Сексенде аяққа таяқ қосылады. 
Тоқсанда «тоба-тоба» дерсің біраз, 
Ажалдан жаның қатты шошынады. 
 
 Жатарсың сары уайымға күз боп көніп,
 Сауапты іс өткен күннен іздеп көріп. 
Жанарың жұмылғанша көз алдыңнан, 
Амалың өтіп жатар тізбектеліп.  
 
Қарттықтан тұра алмассың, жүре алмассың, 
Бір сөз бар, екіншісін ұға алмассың. 
Жастықтың жақсылық пен пайдасын көр, 
Дәм тұзың қашан бітер біле алмассың.     
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
10 лет назад 4912
1 комментарий
О блоге
0
29830 200 345 261 209