Минада
Минада

Минада,

 Сөз сапырмай сауап іздеп, сый қара, 
Сел боп күнәң төгіледі дейді ғой, 
Сыр бермесең «қу жаным» деп қинала,
 Рух қуатын зорайтсақ деп жол тарттық,
 Ақ шатырлы арман болған Минаға. 
Қажыларды қойынына қондырады үш-төрт күн, 
Мина дейтін мидай жазық ми дала. 
Мүмін біткен мықшыңдап жүр малшынып,
 Тіпті тер боп тыртыңдап жүр «сыйлы аға»
 Бұл көрініс қуат қосып құлыққа, 
Шынжыр қосады нәпсі таңған бұйдаға, 
Құдайыңа құлшылық қыл ендеше 
Қуатыңды жина да.
 
 Ақ қалам 
Ақ қалада әппақ жандар қаптаған, 
Атам да аппақ, апам да аппақ, бәрі аппақ, 
Ниеттер де бәлкім аппақ мақтадан. 
Қойнын ашты қажыларға ақ шатыр 
Ақ арқасын аптап ыстық қақтаған. 
Тілек тілеп ақ шатырдың астында 
Арманымды бір Аллама ақтарам. 
Кейбір істер жан жүректі жібітіп, 
Көз буланып, көңіл толқып шаттанам.
 Көк құрақтың ішіндегі қурайдай 
Кейбір істер көрінеді жат маған. 
Жанды көрдім пенделікке пысқырмай,
Саф ниетін сары алтындай сақтаған.
 Адам көрдім адамдықтан ада қап, 
Тілмен теуіп, табанға сап таптаған. 
Кісі көрдім кісілігін кісендеп. 
Зікір қылып, ақ батасын баптаған. 
Пенде көрдім қанағатқа қаны қас. 
Ат-көлігің, ас-ауқатың жақпаған.
 Адам көрдім сөзі – сынық, жаны –кең, 
Досы – Құран, бір сәт тыным таппаған.
 Қартты көрдім қалжың айтып қарқылдап,
 Сылдыр сөзден тілін тыйып тартпаған.
 Минадағы ең алғашқы қадамым 
Осы болды апыл-тапыл аттаған. 
Тәруияның таңы атты, ал ертең 
Арафатқа аттанам.
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 лет назад 3784
0 комментариев
О блоге
0
29830 200 345 261 209