Жылап қалдым
Омыраулап өтті күн.
Ұнатқанмын
Ойлылардың шоқтығын.
Сұрап бардым
От жағам деп оттығын.
Сыр ақтардым
Қалқам қазір жоқ құным.
Бұрынғыдай
Есіп сөйлер кетті күн.
Ұлың бұлай
Берді қолдан бектігін.
Құлын құдай
Кешіреді депті үнім.
Шыным былай:
Дауасы аз дерттімін.
Еңсеріппін
Елу жастың жартысын.
Еңсеріп мұң
Жатыр салып бар күшін.
Белсеніппін
Түзетпек боп әр тұсын.
Теңселіп кім
Жүрер дейсің халқы үшін.
Жылап тұрдым
Жасырды күн қызылын.
Тұрақ қылдым
Тұзсыз өмір қызығын.
Сұрақ қылдым
Көп қайғының үзірін
Бір-ақ білдім
Ібілістің ізі - мұң.
Жасты бұлай
Төкпеуші ем ғой жарығым.
Қашты бұлай
Неге мұнша сабырым.
Қастық ұдай
Білдім енді анығын.
Ашшы Құдай Қабілеттің арынын.
Бәтшағар-ай,
Қайтарайын қарымын.