Біреуге
Біреуге

Жылап қайттым, тағы қайтты меселім, 

Дәл осылай өтті бастан неше күн.
Ер мінезден үміттімін,
Сондықтан ештеме етпес мұныңды да кешемін. 
 
Түсінбедім,
 Сен де оны түсінбе. 
Айналғанбыз түсініксіз мүсінге. 
Арқыраған ашуыңның арыны 
Жарқыраған жанарымның ішінде. 
 
Ауыр оймен арпалысып азады ер, 
Тау болам деп, жау боп алсам жаза бер. 
Бір-ақ, кеуде жұқаруға шақ қалды 
Кіп-кішкентай «маторыма» маза бер. 
 
Сен де ерсің күйттеп жүрген ар қамын, 
Жығам десең жығар едің жарға мың.
 Өкініштен кенде емеспін, 
Тістелей, 
Бір тұтам боп бара жатыр бармағым. 
 
Өткен өтті, бұлыңғырлау алдағым.
 Бір Аллаға тапсырамын қалғанын.
 Сонда ғана үміт туар үлп етіп, 
Сонда ғана білінбейді салмағың.
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
10 лет назад 4472
8 комментариев
О блоге
0
29830 200 345 261 209