Бақыттысың ба
Бақыттысың ба
Қазбалай берме, жауапты мына есiт те

Кенелген жанбыз бақыттай балғын несіпке.

Бақытты емес пе мұсылман ана әлдилеп, 

Мұсылман әке қамқорлық етсе бесікте. 
 
Бесіктен шығып, былдырлап тәй-тәй басқанда
Қос қолдап әкем ұшырушы еді аспанға. 
Бақытты едім он жасқа толып тай мініп 
Тулақты тартып көкпар ғып ала қашқанда. 
 
Бақытты едім ең алғаш қалам ұстарда, 
Бестік ап үйге қуанып құстай ұшқанда. 
Бақытты едім ақ анам шығып алдымнан 
Маңдайдан сүйіп от құшаққа орап қысқанда.
 
 Бақытты едік әжемнің құрты кепкенде,
 Құрт-майға қолым сағынып жүріп жеткенде. 
Бақытты едім абыз қарт атам ақ сақал
 Оқыған Құран үй ішін кернеп кеткенде... 
 
...Бақытты жанмын әлі де бағы таймаған, 
Қайнардан қанғам бұрқылдап бақ боп қайнаған
 Бақыттың бәсін арттыра түстік тағы да
 Алланы танып ғаламат мынау айнадан. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
10 лет назад 5436
3 комментария
О блоге
0
29830 200 345 261 209