Әртүрлілік - әдемілік
Әртүрлілік - әдемілік

Қандай да бір жерде қылығынан бастап сана-сезіміне дейін бір-бірінен айнымайтын стандарт адамдар көп болса, ол жерде ешкім жоқ деген сөз. Өйткені, əрбір адам ешкімге ұқсамайтын ерекшелікпен жаратылады. Осы тұрғыдан алғанда ойлар мен көзқарастардың əртүрлі болуынан аса қорқудың қажеті жоқ. Тіпті бір бірінен айнымайтын егіздердің өздерінде айырмашылық болып жатады. Осылай болуы заңды да. "Бір адам - бір əлем" деген сөз тегін айтылмаса керек. Əр кісінің өзінше бір əлемі, таным-түсінігі, қабілет-қарымы бар. Сондықтан, өскелең ұрпақты "инкубаторлық" тәрбиеге июдің қажеті жоқ деп білем. Əркімнің қабілетіне қарай жөн сілтеп, жоба көрсетуге ғана құқылы болмақпыз. Табиғатында жоқ нәрсеге жанын қинап жеккенмен нәтижесі тек қана ЖАСАНДЫЛЫҚ болады. Алланың аяттарын тахриф етуге, өзгертуге болмайтыны анық. Адамдардың бір-бірінен өзгешеліктері Құдай Тағаланың құдыретін көрсететін АЯТ екеніне "Рум" сүресінің 22-аяты куәлік етеді. Əлемнің əдемілігі де осы əртүрлілікте, құлаққа жағымды əсем əуендер де əртүрлі ноталардың бір араға жиналуынан тумай ма?!

Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
6 лет назад 5777
0 комментариев
О блоге
0
29830 200 345 261 209
Прямой эфир