Тән-қапас
Тән-қапас

Асқақтамай ауыр алып жыр демін, 

Байқамай қап жалғанды да шын дедім. 
Тәннің бабын табамын деп тыныппын
 Тән рухыма қапас екен білмедім. 
 
Сауық-сайран болғанымен күндерім, 
Әй, жалған-ау, шынайы өмір сүргенім. 
Жақын барсаң жан азасын естисің 
Тереңінен дене дейтін түрменің.  
 
Менмендікке есік болып "білгенім", 
Ғапылдыққа бесік болды бір «менім»
 Жан дұшпаны жалғастырып үргенін  
Күйретіпті күзеттерін іргенің. 
 
Дамыл таппай барғаныммен күнбе-күн, 
Аша алмадым, ашқызбады ілгегін. 
Кілтін тапшы, шығайықшы жанды алып 
Азабынан дене дейтін түрменің. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 жыл бұрын 4229
2 пікір
  • Алла разы болсын Ермек інім. Жаза бер. Өлеңдерің де, əңгімелерің ерекше. Халыққа берерің, руханиятқа сіңірер еңбегің əлі алдыда.
    9 жыл бұрын
    • Әмин рахмет, аға... "Алла берген қабілетті руханиятқа жұмсатшы" деп сұраймын, блогтұғыр осыған себеп болып жатыр, сіздерге Алла разы болсын!!!
      9 жыл бұрын
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209