Сенен қажет сол маған
Сенен қажет сол маған

 Таңғалам, 

Күнә жоқ-ау аяқ басып бармаған. 

Сыртым толып, ішім солып барады, 

Айыбымды ашпасаң да аңғарам. 

Жанды ағаң, 
Сынақтардың сырын ұқпай сандалам. 
Кеше көлсің, бүгін шөлсің қайтейін, 
Неткен қиын толық мүмін болмаған.
 
Паңданам, 
Орға құлап, от  баспаған бар ма адам?! 
Ақиқаттың айдынынан қорқам да, 
Жалған атты жағажайға қарманам. 
 
Бар ғалам 
Жаратқанды зікір етіп зарлаған. 
Мен де бүгін зікір етіп жүргенмен.
Адаммын ғой, ертең қайта арбалам. 
 
Оңбаған!
Деп сөгем де, өз-өзімді қолға алам. 
Бәрі өткінші ойын-күлкі, қайғы-мұң,
Неге ендеше бұлар үшін толғанам? 
 
Толғанам, 
Қандай қиын толық мүмін болмаған. 
Бұл өмірден мұсылман боп өтсемші, 
Ей, дүние, сенен қажет сол маған. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 жыл бұрын 3794
4 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209