Рухани даму эволюциясы
Рухани даму эволюциясы
Атақты атеизм идеологиясының алдыңғы қатардағы арғымақтарының бірі саналған Дарвиннің «эволюциялық  жолмен даму» атты болжамын теріске шығарып, жабылып жүріп жарамсыз еткенімізбенен, бұл жерде бір шындық бар секілді. Оның айтуы бойынша «адам баласы басында миы жоқ, үстінде киімі жоқ жабайылықтан бірте-бірте саналылыққа қарай дамыды-мыс».  Әрине, бұл өте қате пікір. Дегенмен, қазіргі  мұсылманшылықтың  дамуы Дарвин айтқандай сатылай даму үстінде. Біреулердің миы бар, намазы нақты, оразасы орынды, садақасы сансыз, киімі бүтін, мінезі – май, көңілі – жай, қысқасын айтқанда толық адам. Ал, басқалар бар – миы толық жұмыс атқармайды, киімі дал-дұл, ақылға көнбейтін, «әкем – орангутан, шешем – шимпанзе» деп жүрген жарты ми, адамға ұқсайтын жаратылыстар. Мінездері болса, беттен алып, төске шауып жанына жан жуымас тобыр.  Олармен адами тіл арқылы түсінісу қиынның қиыны. Әрине, ренжімейміз, өткені, олар даму үстіндегі бейшара қауым ғой. Ал, сіз бен біз ше? Қай сатыдамыз?
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
10 жыл бұрын 7046
7 пікір
  • Иә мұныңыз рас...
    10 жыл бұрын
  • Қатты айтып жатқан жоқсыз ба? Олар деп үстінен қарап тұрған сияқтысыз. Олар дегеніңіз ертең ақ тақуа болып шықпасына кім кепіл.
    Намазы, садақасы, оразасы толық тақуа да қай амалы үшін Жұмаққа түсетінін білмейді. Шын тақуа болса болса, қорқар. Қай амалымызбен Аллаға жағатынымызды білмейміз.
    Артық кетсем кешірім өтінем.
    10 жыл бұрын
  • Дінге енді енді, тәлтіректеп келгене жатқан адамды шошытпай, қайта жұмасақтық таныту абзал болар.
    10 жыл бұрын
  • Абай айтқан "кәміл адамға" қалай, қашан жетеміз?
    10 жыл бұрын
  • Біреулердің миы бар, намазы нақты, оразасы орынды, садақасы сансыз, киімі бүтін, мінезі – май, көңілі – жай, қысқасын айтқанда толық адам. 

    Осындай толық деп ойлаған адамдардың да бала-шағасын тастап, әйелін бала-шағасын зар илетіп кеткенін көргенмін. Сондықтан да Алладан тура жолдан ауытқымауымызды сұрайық. Жұмсақтық танытайық, таккапар болмайық.
    10 жыл бұрын
  • Алла разы болсын!!!)))
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209