Жүрек - бір кеме
Жүрек - бір кеме

Мақсатым ұзақ, алдымда теңіз, 
Кетпей ме ұзап, талпынбай жүрсеңiз. 
Мәжбүрмiн оған - теңізбен өтем
Дайын ба,  кәне бүтін кемеңiз?!

Әркімге қызық толқынның үні, 
Жан бiткен суда,  қолында жүгі. 
Арманың алыс,  адыра қалар
Кемеңнің мiнген тесілсе түбі. 
 
Дүние - теңіз,  жүрек  - бір кеме, 
Болмаса сабақ айтайын неге?!
Астарын ұғын,  ақылға жүгін
Жоқ - барды шатып,  нені айттың деме. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
8 жыл бұрын 6105
1 пікір
  • МашАллах! Алла разы болсын!
    Абайдың қара сөздерін 1 оқып түсінбей, қайта оқып түсінгенімді еске түсірдіңіз!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209