Бәле кімнен ?
Бәле кімнен ?

Ухуд соғысы үлкен бір сынақ тұғын. Бұл шайқаста жан баласы төзгісіз жеңіліске ұшыраған сахабаларды ауыр ой басты. «Қалайша мұндай қиын сәт басымызға орнады?» деген сұрақ саналарын сұққылап маза таптырмады. Қолбасшылары пайғамбар емес пе еді?! Өздері имандарына шәк түспеген шынайы мүмін емес пе еді?! Алла Тағала мүміндерді қолдайтындығына да еш күмән жоқ еді ғой! Мұның айқын дәлелі Бәдір соғысынан кейінгі шаттық, сол күнгі жеңіс емес пе?! Ал бүгін не боп қалды? Қолбасшылары - сол пайғамбар, жауынгерлер - сол сахабалар, иман сол баяғы иман. Сонда не өзгерді?! Бастарына түскен бұл ауыр соққының себебі не болды екен?.. Міне, Ухуд шайқасынан кейінгі әрбір сахабаның жанын жегідей жеп, саналарын кемірген ой осы болатын. Ақыры бұл сұраққа Құранның құдіретті аяттары жауап қатты: «Сендер арқылы дұшпандарыңның басына келген бәленің қақ жарымы өз бастарыңа келгенде: «Бұл қайдан ғана келді?», – деген едіңдер. Оларға: «Бұл өздеріңнен болды», – деп айт...» Сахабаларға өздеріңнен болды деген Хақ Тағаланың жауабына қанағаттанып, Ухуд шайқасына деген дайындықтар мен сол сәттегі себептер мен салдарды зерттеп-зерделеген кісі бүгінгі таңдағы оқиғалардың да бұқпантайлап келген мақсаттары мен сол ойында жеңіліп қалып жатқан мұсылмандардың жағдайын дереу ұғына қояды...

PS: Демек, бәленің бәрі өзімізден екен!

сахаба, сынақ, Ермек Есқожа, Ухуд, Себептерді ізде, Өзгерт, Нәтижеге үңіл
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
6 жыл бұрын 6158
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209