Темір дуал
Темір дуал

Темір дуал ішің - ылаң, сыртың – сән, 

Тасалайсың жамандыққа ұмтылсам. 
Шабандығым, арамдығым ішіңде 
Күнім нешік арса-арса боп жыртылсаң. 
 
Шындық дейтін шырайы анық сыйды үзіп, 
Қалай тұрсың қойыныңа сыйғызып. 
Қарыс қадам аттап шықсам, жасанды 
Бетпердені жібересің кигізіп. 
 
Темір дуал сыртың – жарқын, ішің – мұң, 
Құпиясын ашпа жұртқа ішіңнің. 
Сен арқылы көп адамның көшеге 
 Перде тұтып шығатынын түсіндім. 
 
Темір дуал төзім қайда темірдей, 
Біздейлер көп өмірі алда өрімдей. 
Бола алмай көрінгені секілді 
Немесе  жүр болғанындай көрінбей. 
 
Темір дуал, жүрегіме ем кірген, 
Емделем деп өз-өзімді сендіргем. 
Кетіп барам бетпердемді бере тұр
 Оны тастап кете алмаймын мен бірден. 
Бірақ әсте ауыруға жеңдірмен. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 жыл бұрын 3494
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209