Бір дегенің - бірлігің, бес күндік мынау жалғанда,
Екі дегенің - ерлігің, дұшпанға қарсы барғанда.
Үш дегенің - үмітің, үлпілдеп тұрған үкілі,
Төрт дегенің - тынысың, соңғы минутың қалғанда.
Бес дегенің - басқаша, арғы өмірге барғанда
Алты дегенің - алқымың, Әзірейіл келіп қалғанда.
Жеті дегенің - жауабың, жүгірген, жүрген жерлерің,
Сегіз дегенің - сезімің, Аллаһтан сыйлық алғанда
Тоғыз дегенің - түйсігің, салатын бәрін толғауға,
Он дегенің - ойларың, сапар шек тұнық ойларға.