Хикмет
Хикмет
Әкесі үш баласын шақырып: «Алдарыңда үш қараңғы бөлме бар. Әрқайсысың бір-бір бөлмеден алып, қалаған заттарыңмен ішін толтырып шығыңдар. Бірінші болып аяқтағандарыңа бағалы сыйлық беремін», - дейді. 
Алғашқы баласы көп ойланбай топырақ таси бастайды.
Екіншісі бөлмені жүнмен толтырмаққа бекінеді. 
Кіші бауырлары олардың жұмыстарын қызықтап біраз қарап отырады да, аяқтала бергенде шам әкеліп өз бөлмесінің қақ ортасына жағып қояды. Бөлме лезде жарық нұрға тола қалады. 
 
Хикмет!
Ақылмен жасасаң шаршап әуре болмайсың.
Кеудеңді имандылық нұрымен толтыр, барша қараңғылық пен білместіктіктерді лезде ығыстырып шығарады. Шаршамайсың! Рас айтам!
Мұхаммеджан Тазабек
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
9 жыл бұрын 3831
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209