Мың алғыс мені еске алғандарға,
Көп рахмет ұмытып қалғандарға.
Және рахмет кімге керек емеспін,
Көмектесем, бірақ, «еттім» демеспін.
Көп рахмет көзімді ашқандарға –
кімнен қашып, кімдерден жасқанбауға.
Ешкімді сөкпеймін де, айыптаман
Сынауға сізді емеспін лайықты адам.
Жан аманат біреуге...
Басқаларға – ескі-құсқы... себеп бар жасқанарға.
Тек үнсіз бақылаймын – бір ұтарым,
Бірді сүйем, ал бірін ұмытамын.
Әрине сіздерге айтар тілегім мол –
Бақыт, шаттық, үнемі тек сәтті жол!
Өмірдің ашар уақыт сырлы қойнын –
қай жер шындық болғанын, қай жері ойын...
Орыс тілінен аударылған