"Құралай ғұмыр"
"Құралай ғұмыр"

Мен көрдім түз еркесі "құралайды", 

Құралай қай "аңшыға" ұнамайды?! 
Сұқтанып сұлулық пен еркелікке 
Тасадан талай аңшы сығалайды. 
 
Даланың еркін өскен ерке лағы 
Басына қапас ғұмыр қаламайды. 
Алайда өмір заңы қатал заң ғой, 
Еркелік қаталдыққа ұнамайды. 
 
Қаталдық өз дегенін қылып бағат 
Езсің ба, еркесің ба сұрамайды.
 Құралай кете барат қанжығада 
Сыңсып күн, зар жылатып шығар айды..
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
2 года назад 546
2 комментария
О блоге
0
29830 200 345 261 209