Өзімді iзде өзімнен
Өзімді iзде өзімнен

Қоштасып кеттім балалық, балғын кезіммен, 

Балалық мәңгі топырақ тұтып көз ілген. 
Амалым асау, жанарым жас-ау, дегенмен 
Қаласаң қайыр көзімнен ізде көзімнен 
 
Жаттанса жақын-жоралар...жазық өзімнен, 
Тапталса хақың, түйресем тікен сөзіммен. 
Қақыңды қайта ал, кешірем десең егер де, 
Өзімнен емес, шынықты ізде көзімнен. 
 
Қоздаса нәпсім, түрткілеп түлен тез үрген,
 Лауласа лас ой қалады денем сезуден. 
Жұғымнан жұрдай, ұғымнан тырдай деп білсең, 
Танымапсың ғой... өзімді ізде өзімнен... 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
2 года назад 524
1 комментарий
О блоге
0
29830 200 345 261 209