Қазақтың Ақанысың!
Қазақтың Ақанысың!

Ақылға ой есігі анық ашық,
Болдым мен қалың ойға тағы ғашық.
Мөлдіреген көз көрсем шығы қалың,
Қорған болғым келеді жаным ашып.


Демеймін мен Ақанға күй арнаймын,
Барады қу кеудеге сия алмай мұң.
Ақанның өмірінде өмір сүрсем
Мұндай іс қылар ем деп қиялдаймын.


Бәтима бақұлдасып аттанғанда,
Ақтоқты аужар айтып қап қалғанда.
Ұрқия ұл таба алмай үміт сөніп,
Ақжігіт жарылуға шақ қалғанда.


Қараторғай өз-өзін соққан жарға,
Басарала шала алмай шапқан аңға.
Құлагердей тұлпардың қызыл қаны
Ерейменнің жерінде тапталғанда.


Демеу болмай мынадан-анадан да,
Дұшпандары оны қор санағанда.
Серісін тыныш қоймай қайран қазақ
«Жын ұрды» деген өсек тарағанда.


Шамасы тек жылауға жарағанда,
Арған-Керей мүсіркеп қарағанда.
Аяған аянышты көзден қашып
Кеткенде кең Арқаны паналауға.


Қызарып, күн құлдилап батқан кезде,
Қара түн айдан алқа таққан кезде.
Былай деп сөз айтар ем сері Ақанға
Баз кешіп, бір уыс боп жатқан кезде:


Көтер басты, тұр Ақан, жатпа бұлай,
Жүрген жоқ бір басыңа бақ табылмай.
Риза бол тағдырыңа нали бермей,
Ақ болсаң әрқашан жақ аққа Құдай.


Десеңіз, Бәтиманы қыламын ой,
Ұрқия тым ерекше ұнады ғой.
Тұр, Ақан, бала ойды бас табанға,
Адамдар өлу үшін туады ғой.


Дұшпаның бөркін атты құлап едің,
Құдайым берді тұлпар сұрап едің.
Жаратқан берген мүлкін қайтып алды,
Сондықтан өлді сенің Құлагерің.


Міне күз, кеше ғана көктем еді,
Несіне өңешке өксік кептеледі?!
Құдайдың құрметтісі болған адам
Пайғамбар да өмірден өткен еді.


Айт енді, уәжің болса айтар жаңа,
Қолымды ал, мені қуант қайтарда да.
Үмітіңді еш үзбе келер күннен,
Бүзде үміт бар, үмітсіз шайтан ғана.


Келдім мен бітім сөз бен батаң үшін,
Өзіңді «Дана Ақан» деп атау үшін.
Себебі сен жын емес, пері емес,
Қарапайым Қазақтың Ақанысың.

Ақан сері, Ермек Есқожа, Ақтоқты, Құлагер, Ұрқия, Қазақтың Ақаны
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
15 күн бұрын 566
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209