Психологияңыз қандай?
Психологияңыз қандай?

Модерн психология емдеуге һəм əсерлі дəруменге мұқтаж. Себебі, бұл психологияның басынан бақайшағына дейін тұнып тұрған ауру. Неліктен?- дейсіз ғой!
Модерн психология (заманауи салт-сана) адамның өзгеруге құмбыл қабілетін жоққа шығарып, өзінің нəпсəни əлсіздігіне буындырып тастайды. Мұндай сана кез-келген қылмысты ақтап алып, "заманның ағымы" "ғылымның жетістігі" деп қорғаштаумен болмақ. Мәселен, "Мен ашулымын, маған ашуланған кезімде ештеңе демеңдер" дейтін адамдарды көп кездестіреміз. Бұл модерн психологияның көрінсі. Ойпырмай, сонда өзін тәрбиелеу қайда қалды? Жақсы қасиетті жетілдіру қайда кетті? Осылай айту арқылы өзіңнің жарқын болашағыңнан үміт үздің ғой. Егер біз адамдарды "Бұл сезімтал адам", "Бұл əсершіл жан" тб. деп өз кемшілігіне қамап қарым-қатынас жасайтын болсақ, ол адам сенің алдыңа келгенде "Уай, бауырым мен сезімтал адаммын. Сондықтан, маған соны ескеріп жақындаңдар" деуі əбден мүмкін. Демек, жетілмеу үшін, дамымау үшін əркімнің бір сылтауы бар. Жо...жоқ, егер Раббул аламинге иман келтірген болсаңыз, өз өзіңізді тәрбиелеуге міндеттісіз. Кемдігіңді кемелдікке, салқтықты сергектікке, жалқаулықты елгезектікке қарай өзгертуге хақылысың. Өйткені, өмір - күрес. Тəніңіз қалай жетілсе, жаның да жетімсіреп қалмауын қадағалап тұруың керек. Ақылыңыз да, талап-тілегіңіз бен талғам-танымыңыз да жетілуі керек. Адам баласына мұндай мүмкіндік берілмегенде "Фатыр" сүресінің 2-аяты түспейтін еді. Раббымыз жаратқандарының ішінде қалағанына һəм қалағандарға рахмет қазынасын ашады. Алла оны кімдерге, қай уақытта қалайды? Пенделер өздеріне берілген ерік-жігер арқылы қабілеттерінің артуын қалағанда Халиқ болған Алла да оның кемелденуін қалайды. "Уа, Раббым! Қабілетімді арттыра түс, мен бұл үшін жанымды пида етемін " дей алғанда Жаратушы да ол адамның өзгеруге деген шабыты шыңдап, қабілетін арттырады. Демек, "Мен сондаймын, өзгермеймін" дейтіндер өз əлсіздіктерінің құлақ кесті құлы екенін ұмытпауы керек. Ондай санадағы жандар Раббул аламинге, Ұлы Тəрбиешіге құл бола алмайды!

психология, Ермек Есқожа, Модерн, Адам жұмбақ, Өзгеремін
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
3 ай бұрын 718
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209