өлең
өлең

Қуаласар ай мен күн қияметке дейін,
Ұға алмай кетем сырын сірә көпке дейін.
Антонимнен құралған ғажап өмір-ай,
Кімге артып назымды, жылап-өкпелейін?!

Әркім шыққан биігін тау деп алданар,
Ұшпақ болып зау көкке ерте қамданар.
Аспан тұрмақ шыңылтыр шыңға шыға алмай,
Құздан құлай құлдилап әрең жан қалар.

Үнсіз ғана тынасың жеңіп жеке мұң,
Байқай алмай бағыңның келіп кетерін.
Сенімімді жеті қат жерге көмем де,
Антонимді өмірге еніп кетемін...

өлең, Ермек Есқожа, антоним, өмір деген, мен ешқашан, өмірден бөлінбегем, адам болып, қала берем, орнымда, көрінбеген
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
2 ай бұрын 660
2 пікір
  • Өмірдің мәнін үлкен ғұламалар да таба алмай кеткен. Керемет өлең екен.
    2 ай бұрын
  • Рахмет! "Өмір - адамның көңіл күйі" деген пікірге келдім. Адам қандай көңіл күйде болса, өмір ол үшін сондай болады екен. Өмірдің мәнін ұғу қай терезеден көз салғандығына байланысты болса керек!
    2 ай бұрын
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209