Жырла жүрек
Жырла жүрек

Қайтсем де табылады айла маған, 
Жоқты іздеген жан емен айдаладан. 
Бар жақсың жасырулы жатса дағы 
Ей, Өмір мен соныңнан пайдаланам. 

Үміт дейтін үлекке мініп келем. 
Жалп еткенге жалт беріп үрікпеген.
Ей, Өмір қайтсем де мен алмай қойман 
Қазынаңнан қолыма ілікпеген
Орайы келеді әлi, 
Үміттенем. 
 
Кеш болса да шүкірлік ес кіргенге,
Есім кірді ақиқат естілгенде.
Ей, Өмір бар жақсыңды ұсына бер
Жаманмен ат құйрығын кестім мүлде. 
 
Күнге ұмтылам демеймін, айға барам, 
Әйтсе де бір арман бар аймалаған. 
Жүрегім бар жақпайды жай қараған,
Тілім бар тіліп түсіп сайрамаған. 
Осының бәрі арманда кетпес үшін 
Жырла жүрек, қаймықпа қайманадан. 
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
2 жыл бұрын 463
1 пікір