Естен шығармаңыз!
Естен шығармаңыз!

Адамзат тарихында адасулар екі жолмен жүзеге асырылып отырған, бірі - мақтаумен, екіншісі - даттаумен. (Шəкəрімнің "Мақтау мен сөгіс" атты өлеңін оқуға кеңес берем) Шайтанның міндеті - жолдан тайдыру. Егер ол улы нанды аузыңызға салғысы келсе даттаумен емес, майдалап мақтай отырып салады. Себебі, мақталған сайын бейшара пенденің аузы да, арты да ашылып кетеді. Ал даттаған сайын, кемшілігіңізді айтып таптаған сайын тістене бересіз. Сондықтан, даттауға қарағанда мақтаумен зəһар шашу анағұрлым əсерлі. Ендеше, жақыныңызды, ұстазыңызды мақтауға талпынсаңыз да, атағынан ат үркетін танысыңызбен, жұлдызға айналып үлгерген досыңызбен яки жеткен жетістіктеріңізбен, шыңға шыққан, сыйлық ұтқан сəттеріңізбен мақтануға ниеттенсеңіз де "Фатиха" сүресінің 1-аятын есіңізден шығармаңыз. "Əл Хамду лиллəһи Раббил əламиин!"

мақтану, фатиха сүресі, Ермек Есқожа, Мақталу, Шайтан - ұйқысыз дұшпан, Барлық мақтау Аллаға тән
Ермек ЕскожаЕрмек Ескожа
6 ай бұрын 1268
0 пікір
Блог туралы
0
29830 200 345 261 209